Жезқазғанда банк қызметкері кассадан 29 миллион теңге ұрлап кеткен

Жезқазғанда банк қызметкері кассадан 29 миллион теңгені жымқырып кеткен, - деп хабарлайды saryarqanews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

10 ақпанда Жезқазған қаласындағы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қалалық банктердің бірінен 25 жастағы қызметкер ақша ұрлады деген хабарлама түскен. Келтірілген шығын - 29 миллион теңге.

Оқиға болған жерге келген полиция қызметкерлері ақшаның банкке тиесілі екенін, ер адам жұмыс орнында жазба қалдырғанын анықтады.

Бір жарым айдан кейін жедел уәкілдер күдіктіні ұстады. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, ақшаны өз қажетіне толық жұмсап жібергенін айтқан. Анықталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК-ның 189-бабы 2-бөлімі ("Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету") бойынша қылмыстық іс қозғалды.