Теміртауда жеке секторағы үйлер орталық сумен қамтамасыз етіледі

Теміртауда биыл жеке сектор мен әлеуметтік қала тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. Ал тұрмыстық ағынды суларды бұру мәселесі келесі кезекте шешіледі деп уәде берілді. Металлургтер қаласының дамуы туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке Теміртауға жұмыс сапары барысында баяндалды.

Өңір басшысы "АрселорМиттал Теміртау" 2-ЖЭО-ны аралаудан бастады. Ол теміртаулықтардың шағымдары әділ екенін, қаладағы жылу мәселесі жақсартуды талап ететінін атап өтті. Тек осы жылыту кезеңінде ЖЭО-2-де 30 технологиялық істен шығу тіркелді, бұл жалпы алғанда 16 күнге температуралық режимнің бұзылуына алып келді. Олардың барлығы жабдықтың тозуына байланысты.

- Өкінішке орай, жыл сайынғы жөндеу жұмыстары кәсіпорынның тұрақсыз жұмысының мәселелерін шешпейді. Жыл сайын шамамен 2,5-3 млрд теңге жұмсайсыздар - бұл аз ақша емес, бірақ ешқандай сенімділік жоқ. Сондықтан түбегейлі шешімдер қабылдау керек, атап айтқанда жетінші қазандық салу керек. Бұл жобаны жүзеге асырмайынша жылыту маусымы кезінде тұрақты жылу бере алмаймыз, - деді Жеңіс Қасымбек.

- Жетінші қазандық бойынша жоба инвестициялық келісім бойынша бағдарламаға енгізілді. Құрылысты кешіктірудің негізгі себебі - инвестиция сомасы 42 миллионнан 72 миллион долларға дейін өсті. Бұл ғимарат қазандықты орналастыруға жарамсыз болғандықтан болып отыр. Мен қосымша соманы мақұлдау туралы өтініш бердім. Өз мойныма жауапкершілік алып, жұмыстардың басталуына тапсырма бердім, - деді "АМТ" бас директоры Бижу Наир.

Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбекті коммуналдық сипаттағы тағы бір мәселе - шаруашылық кәріз салу мәселесі алаңдатты. Теміртау әкімі Қайрат Бегімовтың айтуынша, жобаның құны - 2 млрд теңге. Ақшаның бір бөлігі бөлініп, биыл ауданда су мәселесі шешілетін болады. Су құбыры 1 100 үйге жүргізіледі. Кәріз желілерінің құрылысы мерзімі бойынша келесі жылы аяқталады.

Жеңіс Қасымбек сонымен қатар қалалық құрылыс алаңдарын тексерді. Теміртауда қазір 216 пәтерлік екі жалдамалы үй салынуда. Биыл тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін тағы 257 пәтердің құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Теміртауда аула алаңдары салынып қана қоймай, жұмыс істемейтін лифтілер ауыстырылуда. Жоспар бойынша 23 аула мен көтергіштерді ретке келтіру керек.

- Өздеріңіз білетіндей, облыста 360 жұмыс істемейтін лифт бар. Біз алдымызға осы жыл ішінде бәрін жаңарту міндетін қойдық. Теміртауда өткен жылы 32 лифт ауыстырылды, бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз, - деп хабарлады Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесуде.

Жұмыс сапарының соңында қала белсенділерінің шақыруымен облыс әкімі  жергілікті тұрғындар салған мұз айдынында болып, қоғамдық көлік қозғалысымен танысты. Жергілікті автопарк 22 жаңа автобус сатып алды.