Теміртау қаласында аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасады

2021 жылы Теміртау қаласы бойынша аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасады. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн форматта өткен халықпен есептік кездесуінде айтты.

– Теміртау қаласында 26 ауланы абаттандыру жоспарланып отыр. Кейін оның тез тозып кетпеуін қадағалау да маңызды. Осыны барлық аудан, қала әкімдері мен жауапты органдар басты назарға алуы тиіс. Мұны жақын арада Теміртауға арнайы барып, талқылаймыз, – деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек халықпен есептік кездесуінде.