Шахтинск қаласында жарты жыл бұрын "Мамонтёнок" балаларды дамыту орталығы ашылды. Оның негізін қалаушы Екатерина Савина ұзақ уақыт бойы өзінің ойлаған мақсатын жүзеге асыру мүмкіндігін іздеген екен. Жастар корпусын дамыту жобасының арқасында ол өз арманын орындап, балалармен жұмыс істеу мекемесін ашты.
- Бұл өз мүмкіндіктерімізді іске асырудың жақсы жолы. Мұндай бағдарламалар туралы кеш білгенім өкінішті. Мемлекет бізге өз жолымызды табуға көмектесіп жатқаны өте жақсы, - деп санайды Екатерина Савина.
Екатерина Zhas Project презентациясын көргеннен кейін жобаға қатысу керектігін бірден түсіндім,- дейді. Нәтижесінде Шахтинск қаласының нарығын зерттеп, балалар орталығының ашу туралы шешім қабылдаған.
- Бұл бүгінгі таңда сұранысқа ие бағыт. Миллион теңгелік грант маған барлық күшімді өз арманымды жүзеге асыру үшін қаражатты қайдан алу керектігі туралы ойламай, дамуға бағыттауға мүмкіндік берді. Балаларды дамыту орталығы - бұл өте қызықты және сонымен бірге алуан күш-қуатты қажет ететін сала. Басында жұмыс істеу қиын болды, бірақ қазір бұл менің ісім екенін түсінемін, - дейді "Мамонтёнок" орталығының негізін қалаушы.
Білімі бойынша Екатерина техник-электроник, бірақ әрқашан мұғалім болғысы келген.
- 10 жылдан кейін менің арманым орындалды. Жоба маған не қалайтынымды түсінуге көмектесті. Мен Ресей университетіне нейропсихолог ретінде оқуға түстім. Балалармен жұмыс жасау бойынша курстар мен вебинарлардан өтудемін. Мен ең бастысы - ешкімді тыңдамай, жүрегің қалаған жерге бару керек екенін түсіндім, - дейді ол.
Екатерина - команда жетекшісі және мұғалім. Оған толықтай сенетін жақын адамдары мен таныстары көмектеседі. Оның командасында бағдарламашы Юрий Савин және шахтер Павел Шадрин бар. Педагогикаға қатысы жоқ мамандықтарға қарамастан, ер адамдар орталықтың спорттық құрамдас бөлігі және оригами үйірмесі үшін жауап береді. Соңғы рет Юрий мен Павел еңбек сабағын өткізгенде балаларға түрлі құралдар туралы айтып берген.
Орталық ашылғанға дейін Екатерина басқа ұқсас мекемелердің тәжірибесін зерттеген. Нәтижесінде оның орталығы жан-жақты микстен құралып отыр.
- Бізде даму орталығы бар. Барлық сабақтар ойын түрінде өтеді. Балалар балабақшадағыдай жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлінеді. Бізде бәрі бар: ойындар, сабақтар, кинетикалық құм үстелі, құм терапиясы. Бұл біздің басқа орталықтардан басты айырмашылығымыз. Мен гранттың ақшасына көптеген дидактикалық материалдар алдым, - дейді Екатерина.
Жоба әлеуметтік болғандықтан қазір орталыққа аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар тегін келеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға да жағдай жасалған. Екатерина орталықтың орналасатын орнын іздегенде, бірінші кезекте арбаға таңылған балалардың келіп тұруына мүмкіндік жасалған жерлерді қарастырған.
"Мамонтёнок" орталығы Шахтинск қаласының БЖО-мен де ынтымақтасады. Онда өткізілетін іс-шараларға қатысуға тырысады. Жоба аяқталғаннан кейін Екатерина өз орталығын дамытуды жоспарлап отыр.