Жас кәсіпкерлер Осакаров ауданы әкімінің грантына ие болды

Осакаров ауданындағы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер өз бизнесін ашуға және дамытуға әкімнің гранттарын алды. Биыл жастар арасында әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдауға және жүзеге асыруға 5 миллион теңге бөлінді.

Комиссия қарауына сегіз жас кәсіпкер өз бизнес-идеяларын ұсынды. Олардың барлығы қолдау тапты.

Онлайн-режимде Осакаров ауданының әкімі Нүркен Кобжанов грант иегерлерін құттықтады:

- Бүгінгі шара – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы маңызды оқиғалардың бірі. Біз жас ұрпақ туралы көп айтамыз және оның дамуы мен қолдауына үлкен мән береміз. Жастардың ел болашағына өз үлесін қосуға ұмтылысы осы салада мемлекеттік қолдаудың қажеттілігін растайды. Ауданымыздың жастарымен мақтан етуге негіз бар. Барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

500 мың теңгеге грант алғандар: Махаббат Есжанова - кондитерлік дүкен ашуға; Александра Штранская - сұлулық салонына; Фарида Барлыбаева – жұмыс істеп тұрған фотосалонды кеңейтуге; Сайрангүл Хурметхан - тігін шеберханасын құруға. 600 мың теңге көлемінде грант алғандар: Жұлдыз Нұрбол - шаштараз ашуға, Александр Волков - киберспорт алаңына. 800 мың теңге грантпен жиһазды қалпына келтіру бойынша салон ашуға қолдау көрсетілді. Бизнес-жобаның авторы - Құттбай Ауған. Монша кешенін құру үшін Дәурет Тойлатқа миллион теңге көлемінде грант берілді.

Жыл сайын жастар кәсіпкерлігіне жергілікті бюджеттен 3 миллион теңгеден қарастырылатын, биыл 5 миллион теңгеден бөлінді. Келесі жылы гранттар сомасын ұлғайту жоспарлануда