Жезқазған мұражайында Кәріпбек Күйіковтің көрмесі жұмыс істейді

Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайында антиядролық қозғалыстың белсендісі, АТОМ жобасының құрметті елшісі және Нобель сыйлығының иегері, суретші Кәріпбек Күйіковтің жеке көрмесі ашылды. Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

                                          

«Қылқалам ұшындағы құдырет» экспозициясында 24 жұмыс ұсынылған. Ядролық тақырыптан басқа, Кәріпбек Күйіковтің көптеген пейзаждары бар.

Ашылу салтанатында суретші қорының материалдарынан мұражай қызметкерлері арнайы дайындаған бейнесюжет көрсетілді. Жиналғандар үшін «Вива» ансамблінің «Жастар» студенттік хоры өнер көрсетті.

Экспозиция 23 желтоқсанға дейін жалғасады.

Анықтамалар (8-7102) 76-46-81, +7-776-547-10-10 телефондары бойынша.