Облыстың кейбір тұрғындары дене қызуы көтеріліп, денсаулығы нашарлап, дәрігерлерді үш-төрт сағат күтуге тура келетінін айтып шағымданған. Облыстық денсаулық сақтау өкілдері бұл жағдайды растады, - деп хабарлайды saryarqanews.kz сайты.
Бұл маусымдық аурулардың көбеюіне, сондай-ақ, COVID-19 инфекциясының таралуының жалғасуына байланысты, дейді денсаулық сақтау органының өкілі. Сонымен қатар, жедел жәрдем көлігінің кешігуі ауа-райының нашарлауына да байланысты дейді. Баспасөз қызметі бір күндегі қоңыраулардың нақты санын және өткен жылмен салыстырғандағы нәтижесін ұсынды.
"2021 жылдың 22 қарашасында" МӘМСҚК "Жедел жәрдем" қызметі 2656 шақыртуға қызмет көрсетті. Бұл деректерді өткен жылдың 22 қарашасымен салыстыратын болсақ, онда 1262 шақыртуға қызмет көрсетілген. Яғни, шақырту 2 еседен астам өсті. Бұл ЖРВИ инфекциясы, пневмония және КВИ асқынуларының өршуі себебімен байланысты.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысы бойынша бригададағы жүктеме 26,8 шақыртуды құрайды. Бірінші және үшінші санаттағы бригадалардың шығуы 100%. Төртінші санатқа МСАК бригадалары қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, ауа-райының нашарлауына байланысты жедел жәрдем дәрігерлері жүгінгендерге дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін барлық шараларды қабылдауда», - деп хабарлады ведомстводан.
- 1 рет қаралды