25 қарашадағы эпидемиологиялық ахуал

Өткен тәулікте Қарағанды облысында тағы 107 адам  коронавирус инфекциясын жұқтырды. 

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Қазақстан бойынша өткен тәулікте COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 946. Жалпы осы уақытқа дейін елімізде барлығы 967 369 адам, Қарағанды облысында 106 547 адам тіркелген. 

Ал өткен тәулікте Қарағанды облысының 151 тұрғыны коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Ал республика бойынша 1 392 адам сауығып кеткен.

Қазіргі уақытта Қазақстанда сауығып кеткендердің жалпы саны – 930 512, Қарағанды облысында – 97 697.