Қарағанды облысында 2 жаңа аэродром салынбақ

Қарағанды облысының Қарқаралы және Ұлытау аудандарында аэродром салынады. Аталған екі аймақ туризм саласын дамыту үшін қолайлы орындар  болғандықтан , әуе қатынасын жаңғырту туристер ағынының артуына ықпал етеді.

Қазір Қарағанды облысы әкімдігінің тапсырмасы бойынша Қарқаралы және Ұлытау аудандарында аэродромдар құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Жобалаушылар қызметтеріне мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру goszakup.gov.kz порталында орналастырылған. 2020 жылдың маусым айында тендерді нұр-сұлтандық компания ұтып алған.