Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдегі әйелдер қауымымен кездесті. Салтанатты шараға еңбек ардагерлері, өнеркәсіп және мәдениет саласының қызметкерлері, педагогтар, дәрігерлер, көп балалы аналар шақырылды. Өңір басшысы кездесуге қатысушыларды ғана емес, облыстың барлық әйелдерін де құттықтады.
- Біздің әйелдер өздерін мәдениеттегі, спортта, қоғамдық жұмыстарда өздерін кәсіби маман ретінде көрсетіп, балалардың, көп балалы аналардың, үлескерлердің, кәсіпкерлердің, мүгедектердің, волонтерлердің, этномәдени бірлестіктердің мүдделерін белсенді қорғайды. Көбінесе нәзік жандылар билік пен жергілікті өзін-өзі басқаруда маңызды лауазымдарға ие. Үйде де, жұмыста да сіздер бәрін ұқыпты ұстауға тырысасыздар. Қатаң әрі талапшыл аналар сияқты әрекет етсеңіздер де, адамдарға сезімталдықпен қарап, жылулық танытасыздар, - деді өңір басшысы.
Бүгінде медицина саласында әйелдердің 83%-ы, білім беруде 80%-ы еңбек етеді. Пандемия жағдайында дәрігерлер мен педагогтар өздерін нағыз маман ретінде көрсетті. Аймақ басшысы қиын кезеңге қарамастан, олардың өз ісіне деген табандылығы мен жауаптылығын атап өтті.
Облыста әйелдерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламалары белсенді іске асырылуда. Әйелдер бизнесіне микронесие беруге басымдық беріледі. Көп балалы аналарға ерекше көңіл бөлінді. Шара барысында Жеңіс Қасымбек алты көп балалы анаға "Алтын алқа" және "Күміс алқа" мемлекеттік наградаларын тапсырды. Олардың иегерлері Гаухар Бопина, Айнұр Батыралина, Лаура Мүкеева, Сәнгүл Мықтыбекова, Меңдігүл Амандықова және Сәуле Баялиева атанды.
- Менің алты балам бар. Үлкені - 15 жаста, кішісі - бір жаста. Облысымызда көп балалы аналарды ұмытпайды және оларға қолдау көрсетеді, - деп алғысын білдірді Лаура Мүкеева.
Кездесу кезінде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы әйелдердің рөлі туралы көп айтылды. Ана адам өмірінде қаншалықты маңызды екенін журналистика ардагері Сағат Батырханова айтып берді. Қарағанды қаласының №61 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дидар Төрекелдина балалардың адамгершілік тәрбиесіндегі педагогтың рөлі туралы ой қозғады. Ұлтаралық келісімдегі әйелдердің жетістіктері туралы облыстық грузин этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Людмила Долидзе айтып берді. "АМТ" АҚ кран машинисі Альфия Макина жұмысшы мамандығы бойынша еңбек етіп жатқан әйелдің қиын жұмысы туралы айтып берді.
- "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында мен 17 жылдан бері домна цехының ыстық учаскесінде жұмыс істеп келемін. Қиын болсада мен өз жұмысымды өте жақсы көремін. Барлық әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, зор денсаулық, мол бақыт және отбасылық жылулық тілеймін, - деді Альфия Макина.