Қызмет бабын асыра пайдаланған балабақша меңгерушісі жұмыстан шығарылды

Қарағанды қаласында "Айналайын" Қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін балабақшасының меңгерушісі қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін жұмыстан шығарылды.

Балабақша тәрбиешілері және басқа да қызметкерлер білім басқармасына ұжымның атынан шағым түсірді. Олардың айтуынша, басшы әйел техникалық персоналды өз үйінде жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

Онымен қоймай, аспаздарды да отбасына тамақ әзірлеуге міндеттеп отырған. Ал азық-түлік өнімдері балабақша қоймасынан алынды.

Кір жуатын әйелдер үйдің кірін жуса, басқалары үйдің ішін тазалап, терезе мен еденді жуып жүрген.

Қызметкерлер меңгерушінің заңсыз әрекетіне шыдай алмай, білім басқармасына арыз түсірді. Осыдан кейін оны жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды.