Үшінші және төртінші наурызда Щорс көшесі, 53 мекен-жайы бойынша орналасқан Өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталық базасында "Экомед" орталығының репродуктолог-мамандарының тегін көшпелі консультациясы өтеді. Қабылдау 09.00-ден басталады.
Қарағандылықтарда квота бойынша ЭКҰ бағдарламасы үшін ДКК консультативтік парағын немесе қорытындысын алу мүмкіндігі болады.
3 наурызда Алмаз Ибрагимов, Әйгерім Дүйсенбаева және Гүлдана Жантағұлова қабылдайтын болады.
4 наурыз - Ботагөз Төлетова, Гүлнәр Бекенова және Назгүл Қожахметова.
Егер сізде бұрын жүргізілген тексерулердің, сондай-ақ емдеуден немесе операциядан кейінгі нәтижелер болса, оларды қабылдауға өзіңізбен бірге алған жөн. Консультацияға алдын ала жазылу 8-708-295-55-06 телефоны бойынша жүргізіледі.