Қарағандыда бірінші топтағы мүгедектерге көмекші қызметіне ақы төленеді

Бірінші топтағы мүгедектер Жеңіс Қасымбекке шипажайға жолдамамен емделуге бару үшін «сүймелдеп жүретін ешкім жоқ», деп шағымданған болатын. Мүмкіндігі шектеулі жандар көмекшілер үшін жол жүру шығындарын өздері төлеген.

- Бұл мәселені жақында маған онлайн-қабылдауға жазылған бірінші топтағы көру қабілеті нашар мүгедек айтты. Зағип адам шипажайлық-курорттық емделуге қалай жалғыз барады? Егер оның өзі үшін жолақыны төлей алатын туысы болмаса? Мәселе түсінікті. Біз көмектесе аламыз және көмектесуіміз керек. Қарағандының бірінші топтағы мүгедектерінен бастайық. Ақша табамыз, - деді Жеңіс Қасымбек.

Көмекші адамдардың шығындарын жабуға жылына 170 миллион теңге бөлу қажет. Бұл тек Қарағанды бойынша. Облыс басшысы қаражат табу мүмкіндігін табуды тапсырды. Осы жылдан бастап қарағандылық бірінші топтағы мүгедектерге көмекші адамдардың жол жүру шығындары толық өтелетін болады.

Жалпы, Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелері тек азаматтарды қабылдауда ғана емес, қоғаммен тығыз ынтымақтастықтың арқасында да шешіледі. Мысалы, қазір қала мен ауданның әр әкімінде мүгедектігі бар адамдар туралы штаттан тыс кеңесші бар. Мұндай шешімді облыс басшысы Жеңіс Қасымбек қабылдаған болатын. Кеңесшілер мүгедектігі бар адамдар мен мемлекеттік органдар арасындағы көпірге айналды.

Кеңесшілердің жұмысын белгілі қоғам қайраткері және белсенді қарағандылық Нияз Сүндіталиев басқарды. Іс-қимыл жоспары әзірленді, Telegram-да мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары кіретін чаттар құрылды.