Қарағанды облысының автожолдарында бір тәулік ішінде 79 адам құтқарылды

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік қозғалысы барлық бағыттар бойынша жабылды. ТЖД, 52859 әскери бөлімі, Апаттар медицина орталығының бөлімшелері қар құрсауында қалған 79 адамды құтқарды. Оның 7 бала бар.

Қарағанды облысының ТЖ департаменті ауа райының нашарлауы кезінде алыс қашықтықтарға шығуды шектеу, сапар алдында автомобильдің техникалық жарамдылығын тексеру, метеожағдайлар мен дауылды ескертулер туралы ақпаратты қадағалау қажет екенін еске салады.