Қарағанды облысында адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы орын алды

5 наурыз күні сағат түнгі 1.00 шамасында, Қарағанды облысының Шет ауданы аумағында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының Ақсу-Аюлы кентінен 30 шақырым жерде, 34 жастағы Газель автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша жолдың қарсы бағытына шығып, «Тараз-Нұр-Сұлтан» бағытында қатынайтын 56 жастағы азаматтың басқаруындағы «VAN HOOL» автобусымен соқтығысқан.

Жол көлік оқиғасы барысында Газель автокөлігінің жүргізушісімен 24 жастағы жолаушысы, сондай-ақ автобустың 37 жастағы екінші жүргізушісі алған дене жарақаттарының салдарынан оқиға орынында қаза болды.

Жол көлік оқиғасы кезінде автобуста 4 жолаушы болған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысы Полиция департаменті көлік жүргізушілерден жол жүру ережелерін сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауларын сұрайды.