Қарағанды облысы әкімінің халықпен есептік кездесуіне мыңға жуық сұрақтар мен өтініштер келіп түсті

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен есеп беру кездесуін өткізді. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты есеп беру онлайн режимінде өтті.

Есептік кездесуге түрлі байланыс арналары бойынша барлығы 986 сұрақ пен өтініш келіп түсті.

Кездесу үш жарым сағатқа созылған тікелей эфир кезінде аймақ басшысына 92 адам жүгінді. Сұрақтар абаттандыру, ТКШ мәселелері, тұрғын үй мәселелері, медициналық қызмет көрсету салаларына қатысты қойылды.

Есеп беру кездесуінен кейін облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Негізінен аймақ халқы коммуналдық және әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етуді сұрады. Қоғамдық сипаттағы өтініштер де келіп түсті.

Жеке қабылдауға басқарма басшылары қатысып, әр мәселе бойынша тиісті тапсырмалар алды.