Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы.Бірақ балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін сақтамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Бүгін өңірлік коммуникациалар қызметінде шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары жөнінде айтылды.
Жыл сайын су айдындарындағы оқиғаларға жүргізілетін талдау адам өлімінің негізгі себептері болып табылатын келесі жағдайларды көрсетеді:
- өз күштерін дұрыс бағаламау;
- балаларды су айдындарында қараусыз қалдыру;
- жүзу дағдылары жеткіліксіз және білмеу;
- балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау;
- мас күйінде шомылу.
«Суға батқандардың басым көпшілігі шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде, жағажайларда, жасанды су қоймаларында орын алып жататынын атап өткен жөн. Халықпен жүргізілген ауқымды алдын алу жұмыстарының арқасында судағы қайғылы оқиғалардың саны төмендегені байқалады. 2020 жылы суға шомылу кезеңінде Қарағанды облысының су айдындарында 12 адам, оның ішінде 4 бала, суға кетті», дейді Қарағанды облысы ТЖД басшысының міндетін атқарушы Ақылбек Ахметжанов.
Су айдындарындағы шомылуға арналған орындар қауіпсіздік қағидаларының талаптарына сәйкес болу керек.
Демалыс орны жабдықталуы керек:
- құтқару бекеті;
- балалардың шомылуына арналған тереңдігі 1,2 метрден аспайтын учаскемен;
- дауыс зорайтқыш құрылыстармен және телефон байланысымен;
- кезекші медициналық персоналы бар алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жаймен және негізгі қажетті құрал-саймандар мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуі қажет.
Қарағанды қаласындағы қауіпсіз су айдындары мен шомылуға болатын жерлер «2гис» қосымшасына енгізілген. Қосымшада су айдындарына қатысты ақпарат арнайы белгілермен көрсетілген.
«Шомылу маусымы қайғылы жағдайсыз өтуі үшін облыс тұрғындарын, қонақтарды, балалар лагерлерінің, демалыс аймақтарының қызметкерлеріне, су айдындары иелеріне шомылу маусымына ерекше назар аударуына шақырамын. Балалардың ересектердің қарауынсыз шомылуына жол бермеу керек»,деп толықтырды Ақылбек Ахметжанов.