Біздің мақтаныштар

Арқа өңірі атымдай жомарт жандардан кенде емес. Оның бір дәлелі дәстүрлі республикалық «Жомарт жүрек» сыйлығы бірнеше жерлесіміз бұйырған. Мәселен, 2019 жылы Қарағанды облысы 3 номинацияда жеңімпаз атанды.

"Жыл тұлғасы" номинациясында облыстық мәслихат депутаты, меценат Алтынбеков Бекзат Құмарұлы үздік деп танылды.

Бекзат Құмарұлы "Тіл жанашыры", "Алтын жүрек" төс белгілерімен марапатталған. "Шапағат" орденінің иегері, мәдени  іс-шаралардың демеушісі. Өз қаражаты есебінен шығармашылық жастар мен баспа саласындағы авторларға және ауданның танымал тұлғаларына стипендия тағайындайды.

Өлкетанушы Т.Ақпанбаеваның " Суырып салма, жезтаңдай айтыскер ақын Шөже Қаржаубайұлының шығармашылығы жайындағы зерттеулер "атты кітабын шығаруға демеушілік көрсетті. Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойына байланысты "Інжу маржан" дәстүрлі әншілер байқауының ұйымдастырушысы болды. Cондайқ Жидебай ауылдық округінің Қ.Нұржанов атындағы мектебінде жаңа үлгідегі материалдық-техникалық базамен жабдықталған кабинет ашу бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.

«Үздік ұйым» номинациясы бойынша "Eurasia Building" ЖШС Бас директоры Мұхатаев Айдос Зиядаұлы жеңіс тұғырынан көрінді.

Айдос Зиядаұлы кіші Бұқпа өзенін қалпына келтіру үшін 100 млн.теңге бөлді. Қарағанды қаласын дамыту үшін 500 млн.теңге көлемінде инвестиция тартты және қалаға сыйлық ретінде жайлы Триатлон паркінің құрылысын жүргізді. Салауатты өмір салтын, жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалануды, халықтың әлеуметтік қауіпсіздік деңгейін арттыруды, тарихи және мәдени мұраны сақтауды, халықтың қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз етуді насихаттайды.

Ал «Жыл меценаты» номинациясында "Жатва" шаруа қожалығының басшысы Ямковой Виталий Васильевич үздік деп танылды.

Виталий Васильевич Есіл ауылдық округінің шаруа қожалықтары басшыларының арасында көшбасшы болып табылады. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде азаматтарды жеке қабылдап, еңбек ұжымдарымен кездесулерге ұйымдастырады. Ауылдың мәселелерін шешуде белсенді азаматтардың бірі.

Белсенді қоғамдық қызметі мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше рет алғыс хаттар мен грамоталармен марапатталған. Ал 2009 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалін иеленген.