Вакцина алғанға жеңілдік бар

Бүгін «Игі істер» марафоны аясында "Қарағанды СУ" ЖШС вакцинацияланған қызметкерлеріне сыйлық сертификаттарын табыс етті.

Айта кету керек, аталған ұйымда вакциналау басталғаннан бері 300 қызметкер екпе алды.

Сондай-ақ Бұқар жырау ауданына қарасты Доскей ауылында ЖК "Бойко" вакцинация алғандар үшін 1кг макарон өнімдері таратады. Дәл осы ауылда екпе алғандарға 1 литрдан қымыз үлестірілуде.

Ал Үштөбе ауылындағы "Сәлем" дүкені вакцинаның 1 компонентін алған тұрғындарға 2 бөлкеден нан таратып, кейбір азық-түлік тауарларына жеңілдіктер жасайды. Осы ауылдағы "1000 ұсақ-түйек" дүкенінде де вакцина алған тұрғындар үшін тауарларға жеңілдіктер қарастырылған.

Вакцинация-бұл инфекцияны жеңудің және әдеттегі өмір салтына оралудың ең сенімді әдісі.