Ұлытау ауданының Қарақұм ауылында жаңа балабақша ашылды

Ұлытау ауданының Қарақұм ауылында 50 орынға есептелген жаңа «Ертөстік» балабақшасы ашылды. Нәтижесінде  28 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтамасыз етілді. Балабақша барлық заманауи талаптарға жауап береді. Мұнда мектеп жасына дейінгі балалар үшін қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасалған.

«Қарақұм ауылындағы балалар саны жыл сайын артып келеді. Мектептегі шағын орталықтың 40-қа жуық баланы бағытты және толыққанды тәрбиелеумен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ. Сондықтан біз аудандық бюджеттен қаражат бөліп, «Ертөстік» балабақшасын аштық», - деп хабарлады Ұлытау ауданының әкімдігі.

Балабақша заманауи екі қабатты ғимаратта орналасқан. Бөлмелері кең, жылы әрі жарық. Балаларға лайықты білім беру үшін білікті педагогтар жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар ағымдағы жылы  ауыл мектебіде күрделі жөндеуден өтті. Оқу орнының жылыту жүйесі ретке келтіріліп, кәріз, шатыр, есіктер мен терезелер ауыстырылды. Шеберхана мен мұражай ашылды.

Сондайқ өткен аптада Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиұлы жұмыс сапарымен Қарақұм ауылдық округінде болып, мектепке жаңа УАЗ автобусының кілтін табыстады.

Ауылдағы 4 бөлмелі «Мұғалімдер үйі» жатақханасы пайдалануға берілді. Бұл педагог кадрлардың тапшылығы мәселесін шешуге көмектесті. Жатаханада мұғалімдер үшін қажетті жағдайлардың бәрі жасалған жасалған.