Жәйремдегі кен байыту фабрикасы 2021 жылдың екінші тоқсанында іске қосылады

Жәйремдегі кен байыту фабрикасының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл қуаттылығы жылына 5 млн тоннаға дейінгі полиметалл кенін қайта өңдеу өндірісі болып табылады. Мұнда өнімдерді ең заманауи технологиялардың көмегімен алуға болады. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Жәйрем кентіне жұмыс сапары кезінде кәсіпорын құрылысымен танысып қайтты, деп хабарлайды Saryarqanews.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазір фабрикада іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Екінші тоқсанда фабриканы іске қосу жоспарлануда.Алдағы бір жыл ішінде өндіріс жобалық қуатқа шығуы тиіс.

Жәйрем полиметалл кен орны - Қазақстандағы ең үлкен кен орындарының бірі. Мұнда қорғасын-мырыш, барит-полиметалл, сондай-ақ темір-марганец кендерінің бай қоры бар.

Фабрика жұмысынан бөлек, облыс әкіміне кенттің даму жоспары таныстырылды. Жеңіс Қасымбек Жәйремде қайта қалыпқа келтіріліп жатқан бес қабатты үйдің құрылыс алаңында болды. Өткен жылы жергілікті билік облыстық және жергілікті бюджеттердің көмегімен құрылыс жұмыстарына кірісуге уәде берген болатын. Бүгінде 85 пәтерлік үй дайын.

Айта кету керек, дәл осындай жұмыс қазір Қаражал қаласындада жүріп жатыр. Қалада кезінде бос қалған бес қабатты ғимарат қалпына келтірілген. Алдағы уақытта тағы бір үй күрделі жөндеуден өтеді.

- Өңірде бес қабатты екі тұрғын үй қалпына келтіріледі, бұл тұрғын үй кезегін 75%-ға қысқартады. Жыл қорытындысы бойынша 150 пәтер тапсырылуы тиіс, - деді Қаражал әкімі Тілектес Досаев.

Сонымен қатар, Қаражал басшысының айтуынша, қаланың орталық көшелері асфальтталып, жарықтандырылды. Асфальт пен жарық нүктелері жоқ жеке сектордың 8 көшесін абаттандыру жоспары бар. Сондай-ақ, кәріз желілерін қайта құру жобасы әзірленуде және келесі жылға монтаждау жұмыстары көзделген.

- Менің өткен сапарымда №1 орта мектепте күрделі жөндеу мәселесі көтерілді. Оқу орнының 50 жылдан астам уақыт жөндеу жүргізілмеген. Сондай-ақ жаңа спортзал қажет болды. Бүгінде оқу ордасында мәселенің барлығы шешіліп, жөндеу аяқталды. Мектепке спорт залы бар қосымша ғимарат салынды. Жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша Қаражалдағы стадионды қалпына келтіріп, бассейн құрылысына құжаттар дайындауды тапсырамын, - деді Жеңіс Қасымбек.

Сапар соңында облыс әкімі Қаражалда да, Жәйремде де абаттандыруға қатысты нәтижелі жұмыстардың атқарылғанын атап өтті. Өткен жылы ЖҚЖК бойынша 11 жоба іске асырылып, 199 жұмыс орны құрылды.

 

Фото: Дмитрий Кузмичев