26 сәуірде Қаражал қаласының 30 жастағы тұрғыны жас қызының жоғалып кеткені туралы поицияға шағымданған.
Жедел іздеу шаралары барысында қараусыз қалған үйден 55 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Оның жанында жоғалған жас қыз болған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.