Жеңіс Қасымбек Қарағандының проблемалық нысандарында болып қайтты

Магнитогорская көшесіндегі жөнделіп жатқан жол қарағандылықтардың наразылығын тудыруда. Қала тұрғындарының шағымдары облыс әкімінің назарынан тыс қалған жоқ. Жеңіс Қасымбек жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Майқұдық жолдарымен жүріп өтіп, жұмыс сапасын бақылап қайтты.

- Мен жұмыстың жүріп жатқанын көріп тұрған жоқпын. Ақпан айында тиісті жұмыстар басталу  керек еді. Біз бәрін уақытында төлеп жатырмыз. Неліктен халық сіздер үшін азап шегуі керек?, - деп облыс әкімі мердігерді сынға алды.

Мердігер компанияның өкілі қазіргі жағдайды мамандардың тапшылығымен түсіндірді. Келесі аптадан бастап жөндеу жұмыстары толық қарқынмен басталатынын айтты.

Жеңіс Қасымбектің ұсақ мәселелерді назарға алмаған  жобалаушылардың жұмысын сынға алды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ұзақ жылдардан бері алғаш рет ұзындығы 11 шақырым болатын ең ұзын қала көшелерінің біріндегі жол жабынын қайта қалыпқа келтіру жұмысы басталған болатын.

Аймақ басшысы көптен бері шешімін таппай «Трилистник» ТК болып, тұрғындармен кездесті. Олар ұзаққа созылған құрылысқа шағымданып, жаңа ғимараттағы кемшіліктерді атап өтті.

- Тұрғындардың шағымдарының негізі бар. 20 сәуірге дейін мердігер кемшіліктерді түзетуге міндетті. Қала әкімі сіздермен үнемі байланыста. Мен мұнда тағы да келіп, жағдайды бақылаймын. Сіздерге барлығын жобаға сәйкес етіп жасап береді, - деп Жеңіс Қасымбек «Трилистник» тұрғындарына уәде берді.