Қарағандыда «Жас Өркен» республикалық сыйлығын табыстау рәсімі өтті

«Республика - Өңір - Даму» қоғамдық қоры республикалық «Жас өркен» балалар сыйлығын тағайындады. Ол талантымен танылып, еңбегімен көзге түскен балалар мен балалар ұйымдарына беріледі.

Еріктілер жылы аясында ұйымдастырылып отырған «Жас Өркен» республикалық сыйлығын табыстау рәсімі Қарағанды облысы әкімі орынбасарының қатысуымен өтті. Жүзден жүйрік шыққан талантты балаларға диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.

«Жас өркен» балаларға арналған республикалық сыйлықтың гран-при иегерлері мен лауреаттары:

«Жас дарын» номинациясының гран-при иегері - Пазыл Мәди

«Жас қалам» номинациясының гран-при иегері - Абдикахарова Ақтоты

«Жас қалам»  номинациясының лауреаты - Кайрула Мадина

«Жас блогер» номинациясының лауреаты - Абдулла Саят

«Үздік ерікті» номинациясының лауреаты - Жаркенов Баглан

«Үздік IT бастама» номинациясының лауреаты - Жүсіпов Самат