Қазақстанда «Өнеркәсіптік грант» мемлекеттік қолдаудың жаңа құралы енгізіледі

Үшінші индустрияландыру бағдарламасына сәйкес QazIndustry ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп «Өнеркәсіптік грант» - мемлекеттік қолдаудың жаңа құралын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде, ол жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және жаңа өндірістерді құруға бағытталатын болады.

«Грант кәсіпорындарға құрал жабдықты сатып алу және оны өндіріске енгізу үшін 50% мөлшерінде бірлесіп қаржыландыру шарттарында ұсынылатын болады. Бұл негізгі қорлардың жаңартылу пайызын арттыруға және нәтижесінде ішкі нарықта қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік береді және сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндігі үшін база қалыптастырады», - деп атап өтті «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасы Б.Бекенов.