Елімізде жеміс-жидек өңдеу зауыттары салынады

Түрік инвесторлары 5 мың га жерге 8 млн жеміс егуді жоспарлап отыр. Қазақстан одан не ұтады? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің бас сарапшысы Бағдат Рүстемов журналистердің сұрағына жауап берді.

«Жамбыл облысының әкімдігі Түркиямен келіссөздер жүргізді. Өңір Қазақстан тарапынан шарт жасасады. Оның негізінде 5 мың га жерге жеміс егіледі. Нәтижесінде, елімізге түпнұсқа көшеттіктер әкелінеді. Одан ары олар ҚР Қазақ жеміс, көкөніс шаруашылығын ҒЗИ базасында көбейтіледі. Соның арқасында оңтүстік өңірлер көшеттікпен толық қамтамасыз етіледі»,- деді Рүстемов.

Сондай-ақ, елімізде алма және жеміс-жидек өңдеу зауыттары салынады. Негізінен алма шырыны, мал азық өнімдері және биотыңайтқыштар өндіріледі.