Доллар арзандады

Қазақстан қор биржасы (KASE) сағат 11: 00-де жариялаған мәліметі бойынша, доллардың орташа бағамы 1,15 теңгеге төмендеп, 426,90 теңгені құрады.

Ал Ресей рублі болса, керісінше қымбаттады.

Ақша айырбастау пункттерінде АҚШ-тың бір доллары 426/428, евро 518/521,5, Ресей рублі 5,8/5,91 теңгеден сатып алынып/ сатылып жатыр.

Сонымен қатар, мұнайдың әлемдік бағасы 7 маусымдағы сауда кезінде қайта құлдырады.

WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 0,39% -ға төмендеп, бір баррелі 69,35 долларды құрады.

Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 0,50% төмендеп, бір баррелі 71,53 долларға жетті.