Жеңіс Қасымбек: "Біз жергілікті тауарларды тұтыну көлемін арттыру керекпіз"

Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту. Бұл туралы Жеңіс Қасымбек мемлекеттік органдарға өнімдерді отандық тауар өндірушілерден сатып алуды ұсынды. Қарағанды облысының әкімі онлайн-форматта өңірдің бизнес және басқарма өкілдерімен кездесті. Кеңесте қарағандылық тауар өндірушілердің алдағы жоспарлары мен өзекті мәселелер  талқыланды.

Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту туралы ведомствоның басшысы Нұрлан Әлімжанов егжей-тегжейлі айтып берді.

- Жұмыспен қамту жол картасы бойынша өңірде 19 жоба жоспарланған. Бағдарламаның басты шарттарының бірі - жергілікті қамту 90%-дан кем болмауы тиіс. Отандық тауар өндірушілерден құрылыс материалдары мен жабдықтарын сатып алуды қамтамасыз ету қажет, - деді спикер.

Сондай-ақ, Нұрлан Әлімжановтың айтуынша, "Қарапайым заттар экономикасы" тізбесіне осы жылдан бастап өнеркәсіптің сегіз саласы енгізілген. Целлюлоза-қағаз және фармацевтика саласының тауарлары жеке топқа бөлінген. Қазақстандық қамту үлесі бойынша келесідей мақсаттар қойылды: жеңіл өнеркәсіп - 65,5%, жиһаз өнеркәсібі - 66,3%, құрылыс материалдары бойынша - 67,1%, машина жасау - 20,3%, химия өнеркәсібі - 17%.

Өз кезегінде кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалар туралы айтып берді.

- Тапсырыс беруші тарапынан ұсынылатын өнімге сәйкестік сертификаттарының, СТ-КZ сертификаттарының болуына бақылау жоқ. Жеткізуші көрсеткен жабдықтар мен қызметкерлердің тізімі бақыланбайды. Осындай сәттерде тапсырыс берушілер түсініксіз жағдайда қалады. Ұйым басшыларына әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін қалай қарау керектігін түсіндіретін кездесулер қажет, - деді "ЕСКО" ЖШС директоры Андрей Шмарин.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алуларды басқа өңірлердің кәсіпкерлері мен импорттық тауарды жеткізушілер жиі ұтады деп шағымданды. Шағымға жауап ретінде облыс әкімі баға белгілеу туралы еске салды. Егер жергілікті тауар өндірушілер бағаны көтерсе, онда олар басқа облыстардың кәсіпкерлерімен бәсекелесе алмайды.

- Біздің міндетіміз - "баға-сапа" параметрлерін ескере отырып, мемлекеттік сатып алу кезінде жергілікті қамту үлесін барынша арттыру болып табылады. Біз қарағандылық өндірушілер тауарларының сатылуын арттыруға мүдделіміз, - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Қала және аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына облыс әкімі ведомствоға қарасты мекемелер үшін біртекті тауарларды орталықтандырылған сатып алуды ұйымдастыруды ұсынды. Бұл кәсіпкерлерге тауарлардың ірі партияларын сатып алуға қатысу үшін ыңғайлы болады.

Мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілерден сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мысалы, ТЖ Департаментінде олардың көлік жөніндегі ведомствосындағы жергілікті қамту үлесі 40%-ды, арнайы мундирлеу бойынша - 100%-ды құрайтынын атап өтті. ПД жергілікті қамтудың 90% үлесі туралы хабарлады. Бұл көрсеткішті 100%-ға дейін арттыру жоспарда бар. Денсаулық сақтау басқармасы сатып алудағы Қарағандының үлесі 50%-ды құрайтыны туралы есеп берді. Биыл жергілікті эксперименттік зауыттан науқастарға арналған көпфункционалды медициналық кереуеттер сатып алынады. Әлеуметтік тұрғын үй құрылысындағы жергілікті қамту үлесі 78%-ды құрайды.