Вакцинацияның пайдасы туралы

Вакцинация - бұл инфекциялардан қорғаудың және адам өмірін құтқарудың қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакцинация бүкіл әлемде жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, қызамық, паротит, полиомиелит, тұмау және басқалары сияқты 20-дан астам ауруды қорғауға арналған вакциналар бар.

Вакцинопрофилактика өмір сүру ұзақтығының артуына, бала өлімінің төмендеуіне айтарлықтай ықпал етеді. Вакцинация жасына қарамастан бәріне қажет. Қазір көптеген адамдар балалық шақта бір рет жасалған көптеген вакцинацияларды өмір бойы қайталау керек екенін білмейді. Вакцинацияланған адамдардың есебінен ұжымдық иммунитет қалыптасады, бұл инфекцияның таралуына және эпидемияның пайда болуына кедергі болып табылады.

Профилактикалық егу кезінде әлсіреген немесе өлтірілген патогендік агенттер адам ағзасына енгізіледі, бұл қоздырғыштармен күресу үшін антиденелер туындауын ынталандырады.

Вакцинацияның дәлелденген эпидемиологиялық және экономикалық тиімділігіне қарамастан, көптеген адамдар жалпы алдын-алу шараларын қолдануға болады деп сеніп, профилактикалық егулердің қажеттілігіне күмәнданады. Спецификалық емес профилактика (шынығу, дене белсенділігі, дұрыс тамақтану және т. б.) сөзсіз иммунитетті жоғарылатуы мүмкін, бірақ бұл ретте көп жағдайда қызылша, дифтерия, қызамық, көкжөтел және т. б. сияқты жұқпалы инфекциялардан қорғай алмайды.

Әсіресе баланы вакцинациялауды таңдаған немесе таңдамайтын ата-аналарға жүгінгіміз келеді, себебі көптеген адамдар кейбір инфекциялар сирек кездеседі және қауіп төндірмейді, ал вакцинация аурудың өзінен гөрі қауіпті деп санайды.

Алайда  көкжөтел немесе дифтериямен ауыратын баланы көргенде, ата-аналарда вакцинациялау қажеттілігі туралы мәселе туындамас еді, өйткені вакцинацияланбаған балада ауру едәуір қиын өтеді, аурулар ауыр асқынулар тудырады, кейде өлімге де әкеледі.

Вакцинацияның адам денсаулығы мен өмірін сақтау үшін қаншалықты маңызды екенін түсіну үшін бұрын қандай қорқынышты өлім аурулары болғанын еске түсіру жеткілікті. Оба, қара шешек індеттері бүкіл құрлықтарды қамтыды. Кей елдерде тұрғындар көбінесе толығымен жойылды. Қазір бұл аурулар іс жүзінде кездеспейді. Барлық елдерде профилактикалық егулер адамзатты осы қорқынышты инфекциялардан құтқарды.

Алайда, қазіргі уақытта кейбір инфекциялар қайтадан пайда болды. Мысалы, дифтерия (Йемен, Бангладеш, Венесуэла, Ресей, Украина), негізінен көбіне балалар ауырады. Негізгі себеп - вакцинациямен қамтудың төмендеуі.

Бүгінгі күнге дейін қызылша ауруы біздің еліміз үшін маңызды мәселе болып қала берді. Тек қана 2019 жылы балалар (9 ай жасында) мен ересектерге (20-29 жас) қызылшаға қарсы қосымша иммундау арқасында 2020 жылы жалпы еліміз бойынша аурушаңдық 4,2 есеге, біздің облыста 2,1 есеге төмендеді. Бүгінгі күні вакцинацияланбаған  балалар мен ересектер арасында қызылшаның жекелеген жағдайларының тіркелуі байқалады. Дәл солар қызылшамен сырқаттанушылықтың пайда болу қаупін тудырады.

Қазақстан Республикасының профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі инфекциялық ауруларға — туберкулезге, В гепатитіне, дифтерияға, көкжөтелге, сіреспеге, полиомиелитке, қызылшаға, эпидемиялық паротитке, тұмауға, гемофильді инфекцияға қарсы егуді көздейді. Сонымен қатар, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинация ұсынылады.

2021 жылы COVID-19-ға қарсы иммундауға баса назар аударылып отыр. Елімізде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау 1 ақпаннан басталды. Бірінші кезекте вакцинацияланатын басым топтар анықталды. Бұл медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері, созылмалы аурулары бар адамдар және азаматтардың қалған санаттары. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация тегін жүргізіледі.

Екпелер егу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі.

Адам ағзасы кез-келген вакцинаны енгізуге кішкене, тез өтетін реакциялармен жауап береді, өйткені осы кезеңде дененің қорғаныс күштері шығарылады, олар кейіннен адамды белгілі бір инфекциядан қорғайды.

Егер Сізде профилактикалық егулердің қажеттілігі туралы күмән туындаса, бас тартып қол қоюға асықпаңыз. Жұқпалы аурудың қауіптілігі, вакцинация қажеттілігі, одан бас тарту салдары туралы толық ақпарат жинап көз жеткізу қажет.

Вакцинация - жұқпалы аурулардың алдын алудың жалғыз құралы екені естеріңізде болсын!

Вакцинация туралы кейбір фактілер:

* Вакцинация аурулардан қорғайды, адам өмірін сақтайды және денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің кепілі болып табылады.

* Жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация тек вакцинацияланған адамның өзін ғана емес, айналасындағыларды да қорғауға мүмкіндік береді.

* Дәл осы вакцинация полиомиелит ауруын 99% - ға азайтуға мүмкіндік берді.

* Адамның папилломавирусына (HPV) қарсы вакцинациялау жатыр мойны обырының 90%-на дейін алдын алуға мүмкіндік береді.

* HPV вакцинасы тұрақты скринингпен бірге жатыр мойны обырының алдын-алудың ең тиімді әдісі болып табылады.

* Қызылша - әлемдегі ең жұқпалы аурулардың бірі. Қызылша ауруының ең үлкен қаупі, өлімге дейін асқынулармен, вакцинациядан өтпеген жас балаларға тікелей қауіп төндіреді.

* Жүктілік кезінде қызамықпен инфекция ұрықтың өліміне немесе туа біткен ақауларға әкелуі мүмкін. Бала кезіндегі қызамыққа қарсы вакцинация адамды өмір бойы қорғауды қамтамасыз етеді.

* В гепатитіне қарсы вакцина В гепатитінің вирусын жұқтырудан және оның созылмалы ауруы мен бауыр қатерлі ісігінің дамуынан 95% қорғауды қамтамасыз етеді.

* Біріктірілген вакциналарды қолдану – мысалы, көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы вакциналар (АКДС) клиникаға барынша аз барумен және инъекциялардың ең аз санымен вакцинациялауға мүмкіндік береді, осылайша бала үшін стрессті азайтады.

 

 

Қарағанды облысының санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау

департаменті