Балқашта жаңа демалыс орындары пайда болады

Жыл сайын Балқашқа 80 мыңнан астам турист келеді. Биыл екі демалыс аймағын іске қосу жоспарлануда. Қосымша тағы жеті жаңа туристік нысан жабдықталуда. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қала әкімі Ораз Тәуірбеков Балқаштағы туристік саланың дамуы туралы айтып берді.

Ораз Тәуірбековтың айтуынша, туризм саласы - қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды салаларының бірі. Туристерге демалыс аймақтарына жайлы жету үшін "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында жолдардың орташа жөндеуі өтті. Тораңғалыққа дейінгі автомагистральдар, Тораңғалық және Шұбар-Түбек кенттерінің ішінде, Бертіс шығанағының маңында жөнделді.

Балқаш курорттық аймағына Балқаш қаласы, Тораңғалық және Шұбар-Түбек кенттері кіреді. Мұнда демалуға арналған 47 орын бар.

Билік туризмді одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.