Жаңаарқа ауданында әлеуметтік-тұрмыстық кешен ашылды

Жаңаарқа ауданы Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдық округінде Тәуелсіздік күні қарсаңында кітапхана, спорт және күрес залдары, сондай-ақ тұрғын үйлер бар әлеуметтік-тұрмыстық кешен ашылды. Ғимаратта ардагерлер кеңесі де бар.

Әлеуметтік-тұрмыстық кешендегі пәтер кілттерін бес жас маман алды. Бақытты қоныс тойын тойлаушылар қатарында мейірбике Динара Жәкенова бар.

– Мен акушермын. Осы жылы ауданға келдім. Маған мұнда өте ұнайды. Міне, пәтер кілтін алдым. Енді уайымсыз жұмыс істеуге болады, өйткені менің баспанам бар, – деді Динара.

Ауыл тұрғындарын аудан әкімі Юржан Бекқожин кешеннің ашылуымен және қоныстоймен құттықтады. Ол көп жыл бұрын кешен ғимаратында балалар оқығаның атап өтті. Ғимаратта мектеп болған. Кейін оқу орны көшіп, ғимарат бос болды. Биыл ол әлеуметтік-тұрмыстық кешенге қайта жабдықталып, күрделі жөндеу жүргізілді.

Спортзалға құрал-жабдықтарды қазіргі таңда Астанада тұрып жатқан Жаңаарқаның тумасы Марат Жұманов сыйға тартты. Меценаттың арқасында кешен залдарында спортпен айналысу және күресу үшін қажетті жабдықтардың түр-түрі бар.