Жас жігіттің үстіне тас құлап кетті (видео)

Әлеуметтік желіде үстіне үлкен тау тасы құлап кеткен жігіттің видеосы таралуда, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.
Кадрдан жас жігіттің үлкен тасты қозғамақ болғанын көруге болады. Бір сәтте тас қарсы бағытқа емес жігіттің үстіне қарай құлап кетеді. Бұл әрекетті видеоға түсіріп тұрған достарының қатты үрейленгенін көруге болады.
 
Бейресми ақпарат бойынша, оқиға Алматы облысының тауларында орын алған.
 
Аталған оқиғаға қатысты ТЖМ түсінік берген жоқ.