Шешенстанның халық әншісі қазақ тілінде ән шырқады (видео)

Шешенстан республикасының халық әртісі Элина Муртазова Шәмші Қалдаяқовтың "Ана туралы" жыр әнін орындап, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Әннің кавер нұсқасы You Tube желісінде жарияланған. Әншінің өзі кезінде Қазақстанда тұрған екен. Ол қиын-қыстау заманда жер аударылған шешендерді бауырына басып, қамқорлық көрсеткен қазақ еліне деген алғысын осылай білдірмек болған.