Көкшетау мен петропавлдық хоккейшілер төбелесіп қалды

Қазақстан чемпионатында көкшетаулық "Арлан" командасы мен петропавлдық "Құлагер" командасының ойыншылары жанжалдасып қалды. Төбелес үзіліс кезінде болған. 

Көкшетау қаласының "Бурабай" спорт сарайында өткен ойын 6:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілген болатын. Алғашқы айналымның өзінде-ақ, көкшетаулықтар 6:0 есебімен алға шыққан. Ал, жанжал ойынның 20-шы минутында орын алыпты. Осыдан соң, "Арлан" командасынан белорусиялық қорғаушы Арсений Борисов, ал, "Құлагер" командасынан қазақстандық шабулдаушы Илья Ахметов ойын соңына дейін алаңнын қуылған.