Елдегі күрделі эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, той жасау тоқтамай тұр. Бүгін Қарағанды қаласында мобильдік топ кезекті топты тоқтатып, жиналған жұртты таратты.
"Мобильді топ кезекті рейд барысында Қарағанды қаласындағы «Думан» ресторанында тойдың үстінен түсті. 100 адамға арналған той иелері әкімшілік жауапқа тартылатын болды", - деп хабарлады мониторингтік топтың өкілдері.