Қарағандыда неміс ұлтының өкілі бие байлап, қымыз жасауды кәсіп қылуда (видео)

Белгілі блогер Айсұлтан Жақыпов "Қазақтану" жобасы аясында Шахтинск қаласының іргесіндегі Северка ауылында тұратын Олег Кеплинг есімді неміс ұлтының өкілімен сұхбат құрған екен. Қазақ тілін жақсы білетін азамат бүгінде жылқы өсіріп, бие байлап отыр.

- Көкпар тартамын, қыз қууға шығамын. Атым Олег, ұлтым неміс. Биыл бірінші жыл бие байлап отырмын. Жиырма бастай жылқы ұстаймын, - дейді Олег Кеплинг.