Оқырмандарымыз бір жылда 5 автокөлік жеңіп алған шабандоз баланың видеосын жіберді. Қырғыз елінде дүниеге келген Байқан Асанқұлов есімді жеткіншек елдегі аламан бәйгелерде атқа шауып, жүлделі орындардан көрініп жүр екен, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.
Байқан Асанқұлов есімі қазақстандықтарға жақсы таныс атбегі Секенай Бөбекбайдың шабандозы екен. Күні кеше Қарағанды қаласында ат спортынан облыстық дүбірлі дода болып, осы салада жүрген азаматтар бас қосқан еді. Жас шабандоз да Арқа жеріне қонақ болып келген екен. Ол бір жылда 5 машина ұтып алыпты. Ал, жалпы атқа отырып, бәйгеге қатысқалы 10 автокөлік жеңіп алған екен.
- 1 рет қаралды