Арман Әшімов қарсыласын бір соққымен сұлатып салды (видео)

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов (12-3-1) екі жылдан кейін жекпе-жек өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Ол Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza Fighting Championship 34 турниріне қатысып, әзербайжандық Серхан Валилимен кездесті (6-3-1-1). Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелді, алайда Әшімов бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Арман қарсыласының бауырынан ұрып құлатты. Нокауттың видеосын төменде көруге болады.

Осылайша Арман Әшімов ММА-дегі кәсіпқой карьерасында он екінші жеңісіне қол жеткізді.