Ұлытау ауданында ауыл әкімдерінің сайлауы жалғасуда. Аудан бойынша өтіп жатқан сайлауға 2046 мың сайлаушы тіркелген.
Тұрғындар өз таңдауын жасау үшін жергілікті сайлау учаскесіне барып дауыс беруде. Дауыс берушілер қатарында жас отбасылар да бар. Солардың бірі — Берік Жақан мен Ақниет Ошақова. Олар Сарысу ауылындағы №719 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Жас жұбайлар биыл алғаш рет өткізіліп жатқан ауыл әкімдерін тікелей сайлаудың маңызы зор екенін айтты.
Сайлау учаскесі қызметкерлері талаптарды сақтай отырып, дауыс берушілерге барлық қажетті көмекті көрсетуде.