Қарсақпай кентінде спорт кешені ашылды

Кешілер өңірінің спорт жанкүйерлері үшін мереке күндері қуанышты оқиғамен есте қалды. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінің тұрғындары жаңа спорт кешенінің ашылуын асыға күтті. Тәуелсіздік күніне орай спорт нысанының ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Қарсақпай кентінде 100 орындық жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмысын бастады. ДСК «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020-2021» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған.

Спорт кешені орталық сумен жабдықталған және жылу жүйесіне қосылған. Онда волейбол мен баскетболға арналған үлкен зал бар. Сондай-ақ бокс, каратэ және күрес секциялары жұмыс істейді.