Сәтбаев қаласында 11 отбасы қоныс тойын тойлады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Сәтбаевта ел қуанышын еселеген іргелі істер толассыз атқарылуда. Қала әкімі Асқар ЫДЫРЫСОВТЫҢ үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер кілттерін табыс етуі – осы тұжырымның жарқын бір айғағы.

Кілттерді тапсыру салтанатында әлеуметтік тұрғыда осал топ санатына жататын 11 тұрғын мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспаналы болып, шат-шадыман күй кешті.

Асқар Абылайұлы қуаныштан жүздеріне шырай жүгіріп, өздерін шынайы бақытты адам ретінде сезінген жандарды ақжарыла құттықтап, жаңа шаңырақтарының құтты мекенге айналуын тіледі.

(Сәтбаев қаласы әкімі аппараты баспасөз қызметінің материалы негізінде әзірленді)