Токио Олимпиадасында таеквондодан 80 келіден жоғары салмақта сынға түскен Руслан Жапаров 1/8 финалда жеңіліп қалды. Ол қарсыласына 2/10 есебімен есе жіберген.
Ол алғашқы айналымда Германия спортшысы, 2017 жылғы әлем чемпионы Александр Бахманды 11:7 есебімен ұтқан болатын. Ал, келесі айналымда Оңтүстік Корея өкілі Кио Дон Инмен кездесті. Бірақ 2018 жылғы Азия біріншілігінің чемпионы атанған кореялықтан басым түсе алмады.