ТОКИО-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға шықты

Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу турнирі өтті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин өз тобында төртінші нәтиже тіркеді. Ал жалпы есепте жетінші орынмен Олимпиаданың жартылай финалына жолдама алды. 

Айта кетелік, жартылай финал бәсекесі ертеңге жоспарланған.