ТОКИО-2020: Боксшы Васили Ливит нокаутпен жеңілді

Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Василий Левиттің де жолы болмады. Ол кездесудің 2 кезеңінде нокаутпен жеңілді. 

Жерлесіміз 1/8 финалда испандық Эмануэл Рейеспен кездескен болатын. Жекпе-жек небәрі 2 раундқа ғана созылды. Қарсыласы оны қатарынан бірнеше соққы жасап, нокдаунға жіберген болатын. Төрешілер жарысты тоқтатып, жеңісті қарсыласына берді.