Кәсіпқой бокстан орта салмақта Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті

Кәсіпқой бокста орта салмақта отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетіп, WBO Global тұжырымының белбеуін қорғап қалды.


10 раундқа жоспарланған кездесу 8 раундта аяқталды. Алдымен боксшымыз Н'Жикамды (38-5, 21 КО) 3 раундта нокдаунға түсірген. Ары қарай жекпе-жек тізгінін қолға Жәнібек қарсыласын қуалап жүріп сабады.

Осылайша Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста қатарынан он бірінші рет жеңіске жетсе, Н'Жикам мансабында алтыншы рет жеңіліс тапты.