Қазақстандық боксшылар кәсіби бокс кешінде жеңіске жетті

Елордамызда  «Көшпенділер шайқасы» кәсіби бокс кеші өтті. Дүбірлі додада қазақстандық спортшылардың бағы жанды. Бұл туралы  Sports.kz сайты хабарлады.

Данила Семенов (Қазақстан, 4-0, 2 КО) — Викапита Мероро (Намибия, 30-11, 15 КО) — Семенов төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Евгений Павлов (Қазақстан, 5-0, 4 КО) — Айзек Сэки (Гана, 25-2-1, 20 КО) — Павлов төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Фируза Шәріпова (Қазақстан, 14-1, 8 КО) — Любовь Белякова (Ресей, 0-1) — Шәріпова екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Бек Нұрмағанбет (Казахстан, 5-0, 3 КО) — Бруно Сандоваль (Мексика, 21-5-1, 17 КО) — Нұрмағамбетов бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Айдос Ербосынұлы (Қазақстан, 16-0, 11 КО) — Леннокс Аллен (Гайана, 22-2-1, 14 КО) — Ербосынұлы оныншы раунлта қарсыласын нокатқа түсірді.

Айта кетейік, Евгений Павлов пен Бек Нұрмағанбет WBA International чемпиоаны белдігін жеңіп алды. Ал Айдос Ербосынұлы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан үміткер болды.