Қазақстандық балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті. Күміс жүлдені Жәмиля Бақбергенова жеңіп алды.

72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан финалдық кезеңде жапондық Масако Фуруитиге есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты.  Бұл осы дода ел қоржынына түсіп тұрған алғашқы жүлде.