Геннадий Головкин мен Риота Муратаның жекпе жегі қашан өтеді?

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA "суперчемпионы" жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек осы қыста өтуі ықтимал, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

"Муратамен жекпе-жек ақпанға ауысуы мүмкін, егер GGG жеңсе, оған сиқырын қайтару үшін келесі жылы тағы екі жекпе-жек қажет", - делінген ESPN инсайдері Майк Коппинджер мақаласында.

Еске салайық, бұл боксшылар 29 желтоқсан күні Токио қаласында кездесуі керек еді. Бірақ коронавирустың "омикрон" штамы көп тарап кеткеннен кейін, Жапоия карантин жариялады. Ал осыған дейін Муратаның кездесулерін ұйымдастыратын Teiken промоутерлік компаниясы жекпе-жектің көктемге шегерілгенін хабарлады. Бірақ өзге мәлімет көздері бұл айқас наурыз немесе сәуірде өтетінін жазған еді.