Қарағандылық жас теннисші Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды

Қарағандылық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Қазақстан чемпионатынан төрт алтын медаль жеңіп алды.

Алан жеке біріншілікте қарсылас шақ келтірмеді. Сондай-ақ Әмір Торғайбековпен жұптық сында және Виктория Мочалкинамен аралас сында үздік нәтиже көрсетіп, командалық есепте жеңіс тұғырынан көрінді.

Облыс құрамасының басқа да мүшелері тамаша өнер көрсетті. Қарағандылықтар барлығы бес алтын, екі күміс және қола медаль жеңіп алды. Әмір Торғайбеков пен Вика Мочалкина жекелей сында күміс алса, Екатерина Охмак осы сында қола жүлдені жеңіп алды.