Қаражалда теннис корты ашылды

Қаражалда заманауи теннис корты ашылды. Салтанатты ашылу рәсімінде қызыл лентаны кесу рәсімі қаланың құрметті тұрғыны Мешітбай Омаровқа және "Болашақ-Қаражал" еріктілер қозғалысының төрағасы Алена Когтеваға берілді.

 

Қаражал әкімінің орынбасары Дәурен Жақыпов мемлекеттің басты міндеттерінің бірі - бұқаралық дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін жағдай жасау екенін атап өтті.

- Теннис корты барлығына қолжетімді болады. Қазіргі уақытта теннис, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында өте танымал. Бұл физикалық және психологиялық тұрғыдан адам денсаулығына өте пайдалы. Жаңа нысанда теннисшілердің саны көп болады деп үміттенеміз, - деді Дәурен Жақыпов.

Сондай-ақ, корттың ашылуына орай ерлер мен әйелдер арасында үлкен теннистен қалалық турнир өтті.